| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Павлодарда бұрынғы мұғалім алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Полицияға жәбірленуші ер адам жүгініп, Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде бұрын мұғалім болып жұмыс істеген азаматтың ҰБТ-ны тапсыруға көмек көрсетемін деген желеумен өзінен 1 млн теңге көлемінде ақша алғанын хабарлаған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің өңір аумағында осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Полиция азаматтарға егер осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны болса, бірден құқық қорғау органдарына жүгінуді ескертеді.