Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үкімет Маңғыстау туристік аймағын дамытудың жаңа жоспарын бекітті
Жаңалықтар

Үкімет Маңғыстау туристік аймағын дамытудың жаңа жоспарын бекітті

05.08.2025
1 мин
0
249

Қазақстан үкіметі 2025–2029 жылдарға арналған "Маңғыстау" туристік аймағын дамытудың кешенді жоспарын бекітті, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл шешім мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысында туризмді ілгерілету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында қабылданды. Ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі таратты.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Құжатта туризм саласындағы 9 бағыт бойынша жүйелі шаралар қарастырылған. Атап айтқанда: инфрақұрылым мен логистиканы дамыту, цифрландыру, қауіпсіздік, кадр даярлау, инвестициялық жобаларды қолдау және тағы басқа бағыттар қамтылған. Жоспар аясында 100-ден астам іс-шараны жүзеге асыру көзделіп отыр.

Аймақ үшін маңызды саналатын 12 туристік нысанның бірі — Кендірлі туристік аймағы, оны дамыту басты бағыттардың бірі ретінде белгіленген. Мұнда инфрақұрылымды жақсарту, инженерлік желілер тарту, сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету, көлік қатынасын жеңілдету сынды кешенді жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар, Кендірлі ауылында жаңа әуежай салынып, жолдар мен басқа да нысандар жөнделеді. Бұл ретте инвесторлар мен экологиялық бастамашыл топтардың пікірлері ескерілген.

Ақтау қаласында теңіз вокзалы мен халықаралық стадион салу жоспарланып отыр.

Өңірде туризмді танымал ету мақсатында мәдени-спорттық іс-шаралар өткізу де көзделген.

Кешенді жоспар туристер үшін қолайлы жағдай қалыптастырып, аймақтағы инвестициялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту көзделген. Бұл үшін "Каспий" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылады.

Жоспар жүзеге асырылған жағдайда, 2029 жылға қарай:

  • ішкі туристер саны 430 мыңнан 520 мың адамға дейін,
  • шетелдік туристер саны 89 мыңнан 143 мың адамға дейін артады деп күтілуде;
  • туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны 1,7 мыңнан 2,7 мың адамға дейін өседі;
  • жеке инвестиция көлемі 198,9 млрд теңгеге жетеді;
  • туризмнің өңір экономикасындағы үлесі 2,2%-дан 3,6%-ға дейін артады.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл