| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үкімет Қарағанды облысында ірі фармацевтикалық зауыт салу жобасын мақұлдады. Инвестиция көлемі 42,5 млрд теңгені құрайды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан Үкіметі Қарағанды облысында заманауи фармацевтикалық зауыт салу жобасын қолдады. Жобаның жалпы құны 42,5 млрд теңге болады.
Бұл бастама елдегі фармацевтикалық өндірісті дамытуға, импортқа тәуелділікті азайтуға және жоғары технологиялық өндіріс қуаттарын арттыруға бағытталған.
Жоба аясында дәрілік заттардың 74 түрін шығару жоспарланып отыр. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.