Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Риддердегі ЖЭО-ның жөндеу жұмыстарына Үкімет резервінен шамамен 1,7 миллиард теңге бөлінді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Құжатқа сәйкес, Риддердегі жылу электр орталығында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферт түріндегі қаражат аударылады.
Соңғы екі жылда Риддер ЖЭО-ға Үкімет резерві мен облыс бюджетінен 15,5 миллиард теңге бағытталған. Қазандықтар мен турбиналарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, стансаның тозу деңгейі 75 пайыздан 46 пайызға дейін төмендеді. Ұзындығы 21,3 шақырым жылу желісінде жөндеу жүргізілді, соның нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 82 пайыздан 67 пайызға дейін азайған.
- Сонымен қатар, 2023-2024 жылдардағы жөндеу науқанына енбеген тораптар мен механизмдерді жөндеу қажет. Қазандық агрегаттарын, турбоагрегаттарын, сондай-ақ жабдықтың тұрақты түрде электрмен қамтамасыз етілуіне жауапты кешенді тарату құрылғыларын жөндеу қажет, - делінген хабарламада.
Осылайша, бөлінген қаражат Риддер қаласының жылу электр орталығын алдағы 2025-2026 жылыту маусымына уақтылы әрі сапалы дайындауды қамтамасыз етеді.