Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үкіметтік емес ұйымдар қалай жұмыс істейді
Жаңалықтар

Үкіметтік емес ұйымдар қалай жұмыс істейді

30.11.2023
1 мин
0
559
Фото: АБО орталығынан

Үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) демократиялық процестердегі рөлі маңызды деп танылады, сондықтан олар қоғамда мемлекет пен бизнеске тең үшінші сектор болып саналады.

Үкіметтік емес ұйым  (ҮЕҰ) дегеніміз бұл – мақсаты табыс табу емес, ресми (үкіметтік) институттардың қатысуынсыз жеке тұлғалар және/немесе басқа да қоғамдық (коммерциялық емес, ҮЕҰ) ұйымдар құрған және өз қызметін жарғы негізінде және өз қаражатына жүзеге асыратын ұйым. ҮЕҰ-ның меншікті қаражаты оның мүшелерінің жарналарынан және тартылған қаражаттан (жеке және корпоративтік қайырымдылықтардан, жеке және мемлекеттік гранттардан, ҮЕҰ құзыреті саласындағы жұмыстарды орындауға тапсырыстардан және т.б.) құралады.

Жалпы, дамыған елдердің тәжірибесі мен қазіргі заманғы жаһандық үрдістер белсенді азаматтық қоғам күшті, орнықты, құқықтық және демократиялық мемлекет қалыптастыру үшін негіз болып табылатынын растайды. Осыған байланысты Қазақстандағы Азаматтық ресурстық орталықтардың қызметін нығайту және кеңейту өзекті болып отыр. Халықтың тығыздығы төмен, ауыл халқының едәуір үлесі және көптеген ҮЕҰ-ның ұйымдастырушылық тұрақсыздығы жағдайында бұл орталықтар аумақтарды дамыту және азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы үшін маңызды инфрақұрылымдық элементке айналды.

Азаматтық ресурстық орталық ҮЕҰ базасындағы қызмет ретінде азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық белсенділікті жандандыру және азаматтық қоғам институттарының тұрақты дамуына ықпал ететін орта құру үшін әртүрлі ресурстар мен қызметтерді ұсынады. Жұмыс істеу принципі бізге белгілі Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ЦОН) сияқты. Яғни ҮЕҰ бір жерден бірнеше қызмет түрін ала алады. 

2000-2005 жылдары іске асырылған ресурстық орталықтардың әлеуетін арттыру жөніндегі бағдарламалардың арқасында АРГО, "ЗУБР" КО, "ЭКОЦЕНТР" ҚБ, "Десента" ҚҚ, "КАМЕДА"ҚҚ сияқты ресурстық орталықтардың функцияларын толық немесе ішінара орындайтын орнықты коммерциялық емес ұйымдар пайда болды.

Астанада 2019 жылдан бастап "КАМЕДА" қоғамдық қоры Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша "Үкіметтік емес ұйымдарға арналған Азаматтық (ресурстық) орталықтардың жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету" жобасын іске асыруда.   

Астана қаласының Азаматтық бастамалар орталығы ҮЕҰ құру және дамыту саласындағы сапаны жақсарту, тиісінше азаматтық белсенділікті арттыру және әлеуметтік шиеленісті төмендету мақсатында құрылған.

Астана қаласының азаматтық бастамалар орталығының (АБО) қызметтері:

  • ҮЕҰ қажеттіліктерін анықтау және қажеттіліктерге сәйкес оқыту;
  • Астанадағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • Заң тану, қаржы, жобалау мәселелері бойынша консультациялар өткізу;
  • Ақпараттық-талдамалық қызметтерге (заңнама саласындағы инновациялар мен өзгерістер бойынша материалдармен, әдістемелік құралдармен, жаңалықтармен қамтамасыз ету);
  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жобаларды, халықаралық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін мониторингілеу және бағалау;
  • Оқыту іс-шаралары;
  • Тренингтерге, семинарларға, дөңгелек үстелдерге арналған үй-жайларды ұсыну.

Өткізілген қажеттіліктерді бағалау нәтижелері бойынша:

  • ҮЕҰ оқыту жоспары әзірленді;
  • 1789 консультация өткізілді;
  • 3 семинар, 56 жұмыс кездесуі, 15 мастер-класс, әлеуметтік стартаптарға арналған 6 презентациялық платформа, 9 семинар, 29 тренинг, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 59 әлеуметтік жобасының мониторингі өткізілді; 
  • 49 әлеуметтік идея әзірленді; 
  • ҮЕҰ верификациясының бірыңғай электрондық тізілімі өзектендірілді.

Астана тұрғындары үшін Азаматтық бастамалар орталығында көрсетілетін барлық қызметтер тегін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл