458.23
535.99
5.46
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлдана ісіндегі 20 млн теңге: бұрынғы күйеуі қаражаттың қайда кеткенін айтты
Жаңалықтар

Ұлдана ісіндегі 20 млн теңге: бұрынғы күйеуі қаражаттың қайда кеткенін айтты

20.08.2026
мин
0
104
Сурет: Жоғарғы Соттың трансляциясынан алынған кадр

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті отырыста марқұмның бұрынғы күйеуі Әділет Зейнел әкімдік берген 20 млн теңгенің қалай жұмсалғанын түсіндірді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сот отырысында прокурор Әділет Зейнелге әкімдік тарапынан берілген 20 млн теңге туралы сұрақ қойды. Оның айтуынша, ақша 19 қарашада, жерлеу рәсімінен кейін берілген.

Зейнелдің сөзінше, сол кезде оны және Ұлдананың әпкесі Ақнұрды әкімдікке шақырған. Кездесуге әкім, оның орынбасары және депутаттар қатысқан. Қаражат қолма-қол табысталғанымен, ақша алғаны туралы қолхат немесе басқа құжат берілмегенін айтты.

Прокурор қаржының қайда жұмсалғанын және оның ішінде Ұлдананың анасына қанша қаражат берілгенін сұрады.

Әділет Зейнелдің айтуынша, 20 млн теңгенің басым бөлігі несие жабуға кеткен. Оның ішінде Ұлдананың көлігіне қатысты қарызды өтеуге шамамен 9 млн теңге жұмсалған. Бұдан бөлек, банктегі тағы бір несие бойынша 4,2-4,3 млн теңге көлемінде қарыз болғанын айтты.

Марқұмның анасына 4,5 млн теңге берілген. Қалған қаржының бір бөлігі садақа мен жерлеуге байланысты шығындарға жұмсалған.

- 3 күнде көліктің кредитін жаптым. Оған 9 миллиондай кетті. Сосын банкке бардық, оның шоты бұғатталып қалыпты. Ол айына 215 мың несие төлеген. Банкте жалпы 4,2-4,3 миллион теңгедей несие болды. 4,5 миллион теңгені анасына бердік. Одан бөлек кішігірім шығындар болды. Садақаға бердік, қой алдық, – деді ол.

Сотта 18 қарашада өткен асты жедел жәрдем қызметкерлері өздері ұйымдастырып, оған қаражат жинағаны да айтылды.

Бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен неге бас тартқысы келді?

Процесс барысында прокурор Әділет Зейнелден жәбірленуші мәртебесінен бас тартуға не себеп болғанын сұрады.

Ол Ұлданадан кейін қайта үйленіп, жаңа өмір бастағанын айтты. Сондай-ақ марқұмның анасы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жәбірленуші мәртебесінен бас тартуын сұрағанын жеткізді.

- Мен жаңа өмір бастадым, қайта үйлендім. Ұлдананың анасы БАҚ өкілдеріне шығып, менің жәбірленуші мәртебесінен бас тартуымды сұрады. Сол себепті істі әрі қарай анасы жалғастырсын дедім, – деді Зейнел.

Алайда бұған дейінгі сот отырысында оның жәбірленуші мәртебесінен бас тарту туралы өтініші қанағаттандырылмаған болатын.

Ұлдананың әпкесі 20 млн теңге туралы не деді?

Сотта Ұлдананың әпкесі Ақнұр да 20 млн теңгеге қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, отбасы бұл мәселені бастапқыда өзі көтермеген.

Ақнұрдың сөзінше, ақшаға қатысты дау қарсы тараптың «несие бар, ақшаны қайтарыңдар» деген талабынан кейін пайда болған.

Ол Ұлдананың көлігіне байланысты 9,2 млн теңге несие болғанын растаған. Ал екінші несие туралы ақпараттың нақты дәлелі болмағанын айтты.

Ақнұрдың мәліметінше, отбасы кейін 20 млн теңгенің 4,5 млн теңгесін қайтарған. Оның сөзінше, қаражатты қайтаруға қарсы тараптың қысымы себеп болған.

“Мүлік дауы жоқ. Мүлік дауы мүлдем болған жоқ”, – деді Ұлдананың әпкесі.

Ұлдана Мырзуан 2025 жылдың қарашасында Астанада қызметтік міндетін орындау кезінде ауыр жарақат алған. Ол тұрғынға медициналық көмек көрсетуге барған кезде көпқабатты үйдің сыртқы қасбетінде тұрған кондиционер блогы құлап, жас фельдшерді басып қалған.

Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға бірнеше күн бойы әрекет жасағанымен, 18 қарашада Ұлдана Мырзуан ауруханада көз жұмды.

Кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм фельдшерді қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.

Қазір іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр. Кезекті отырыста марқұмның отбасына берілген 20 млн теңгенің жұмсалуы және тараптардың оған қатысты ұстанымы талқыланды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл