| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Ұлттық банкі 2027 жылдан бастап қарыз алушылардың жалпы несие жүктемесін шектеу тетігін енгізуді қарастыруда, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа бастамаға сәйкес, банктер несие беру кезінде азаматтың тек ай сайынғы төлем қабілетін емес, барлық қарыздарын — ипотека, автонесие, микронесие және бөліп төлеу міндеттемелерін бірге есептейтін болады.
Ұсынылған өзгеріске сай, бір адамның жалпы қарыз көлемі оның жылдық табысының сегіз есесінен аспауы тиіс. Орташа жалақы деңгейі бойынша бұл шамамен 44 млн теңге, ал медианалық табысқа шаққанда 32 млн теңгеге жуықтайды. Бұл шектеуге бұрын алынған несиелер де енгізіледі.
Егер бұл жүйе енгізілсе, бірнеше несие алған азаматтарға жаңа қарыз рәсімдеу қиындайды. Банктер тәуекелді бағалауда бұрынғыдан қатаң талаптарға көшеді.
Мамандардың пікірінше, бұл шара халықтың артық қарыздануын азайтып, қаржы жүйесінің тұрақтылығын күшейтуге бағытталған.