| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені жылдық 18% деңгейінде сақтауға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18,0% деңгейінде, +/- 1 пайыздық пункт дәлдікте белгілеу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжам раундының нәтижелері, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағалауы және инфляция тәуекелдерінің теңгерімі негізінде жасалды.
2026 жылғы ақпан айындағы жылдық инфляция болжамдарға сәйкес 11,7%-ға дейін төмендеді (қаңтарда – 12,2%). Инфляцияның барлық негізгі компоненттері төмендеу тенденциясын көрсетіп отыр:
Азық-түлік тауарлары бойынша баға 12,7% (12,9%)
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша – 11,6% (11,7%)
Ақылы қызметтер бойынша – 10,8% (12%)
Ұлттық Банк мәліметі бойынша, базалық мөлшерлемені сақтау макроэкономикалық тұрақтылықты қолдап, инфляциялық тәуекелдерді басқаруға мүмкіндік береді.