Ұлттық банк валюталық операцияларды бақылаудың жаңа ережелерін енгізді
10.04.2026
мин
0
167
Сурет: Zakon.kz
31 наурызда Қазақстанның Ұлттық банкі валюталық операцияларға жаңа талаптар енгізді. Өзгеріс 19 сәуірден бастап күшіне енеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Негізгі өзгерістер:
Банктер валюталық операцияларды қатаң тексереді, күмәнді жағдайлар болса – тиісті органдарға хабарлайды
Шекті сомалар:
жеке тұлғаларға – 10 000 доллардан бастап
заңды тұлғаларға – 50 000 доллардан бастап
Кейбір операциялар үшін арнайы тіркеу нөмірі (есептік нөмір) қажет
Кәсіпкерлер валюта сатып алу себебін құжатпен дәлелдеуі тиіс
Заңсыз ақша шығаруға күдік туғызатын операцияларға бақылау күшейтіледі
Жеңілдік:
Жеке тұлғалар 10 000 долларға дейінгі аударымды банктік шот ашпай-ақ жасай алады
Қосымша:
Цифрлық деректерді пайдалану туралы талап 2026 жылғы 12 шілдеге дейін уақытша тоқтатылды
Мақсаты: қаржылық тәртіпті күшейту, заңсыз капитал шығаруды азайту және валюталық операциялардың ашықтығын арттыру.