Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тегін онлайн сабақтар қайта басталады
Жаңалықтар

Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тегін онлайн сабақтар қайта басталады

21.11.2023
1 мин
3
693
Фото: texterra.ru

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін онлайн сабақтар қайта өтетінін хабарлады. Алғашқы сабақ 20 қараша басталды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Онлайн сабақтар ірі республикалық білім беру орталықтарымен бірлесіп әзірленген. Сабақтар білім беру орталықтарының YouTube арналарында және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өткізіледі. Онлайн сабақтардың барлық эфирі талапкерлер кез-келген уақытта көре алуы үшін сақталады.

«Ғылым және жоғары білім министрлігі тестілеу кезінде ғана емес, оның басталуына дейін де қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Түлектердің ҰБТ-ға дайындығын Ұлттық тестілеу орталығы білім беру орталықтарымен бірлесіп, төртінші жыл өткізіп отыр. Өткен жылы 600-ге жуық сағат онлайн сабақтар өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірінің мектеп түлектері қатысып, ҰБТ пәндері бойынша дайындықтан өтті. Биыл 20-дан астам орталық сабақ беретін болады. Жоба бюджет қаражатын жұмсамай іске асырылғанын атап өткім келеді», - деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Айта кетейік, талапкерлерге арналған онлайн сабақтар осы оқу жылының соңына дейін жалғасады.

Сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындық үшін онлайн тестілеуді іске қосты. Байқау сынағын өткізу технологиясы негізгі ҰБТ технологиясына сәйкес келеді. Оқу жылының басында ҰТО сайтында тест тапсырмалары құрастырылған әдебиеттер тізімі мен тест жоспары; «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі; «Информатика» пәнінен терминдер тізімі; «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
3 Пікір
А
Абдуалиева Ләззат 22.11.2023
Керемет
Жауап беру
М
Майгүл 21.11.2023
Дұрыс ақ
Жауап беру
O
Orazalieva Akmaral 21.11.2023
қатысқым келеді
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл