Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлттық экономика министрі келешегі бар салаларды атады
Жаңалықтар

Ұлттық экономика министрі келешегі бар салаларды атады

09.06.2020
1 мин
1
1382

Қазақстанның ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов коронавирус эпидемиясы аясында дамитын келешегі бар еңбек салаларын атады, деп хабарлайды Sputnik.kz.
Олардың көпшілігі онлайн қызметпен және қашықтықтан жұмыс істеумен байланысты.

Қазақстанда қазірдің өзінде экономиканың түрлі саласында өзгерістер болып жатыр, деп атап өтті министр.

"Біздің ойымызша, қазіргі цифрлар мен үрдістер мынадай экономикалық бағыттардың болашағы бар екенін білдіреді: ішкі туризм, онлайн-сауда, көлікпен жеткізу, транзит, IT сала, қызмет көрсету, әсіресе медициналық және білім беру қызметі", - деді Дәленов онлайн форматта өткен халықпен есеп беру кездесуінде.

Тұтастай алғанда, оның айтуынша, цифрландыру, оның ішінде қашықтықтан жұмыс істеу әдістерін қолдану Қазақстанда белсенді түрде қолданылады және экономикалық қызметтің барлық саласына енеді.

"Сонымен бірге, өсімнің дәстүрлі драйверлері: мұнай мен металдар өндірісі төмендейді, өйткені қазіргі жағдайда шикізат нарығындағы сұраныс күрт өзгеріп жатыр", - деді Дәленов.

Агроөнеркәсіп кешені мен азық-түлік өндірісі үлкен сұранысқа ие. Дәленов бұл сала қазақстандықтарды "орасан зор жұмыспен" қамтамасыз ете алады деп сендірді.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Алма 11.06.2020
Балаларымыздың болашағын ойлаймыз. Қандай мамандыққа оқытамыз деп. Жоғарыда аталған IT және транзит деген салаларды толығырақ айтып кетсеңіздер екен.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл