Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 «Ұлттық киім» күнін бекіту ұсынылды
Жаңалықтар

«Ұлттық киім» күнін бекіту ұсынылды

21.02.2024
1 мин
2
415

Мәжіліс отырысында депутат Дәулет Мұқаев ұлттық киімнің маңыздылығына тоқталып, ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бүгінде қазақтың ұлттық киімі өзге елдерде кеңінен ұлықталу үстінде. Әлеуметтік желіде Қытайда қазақ жігітінің ұлттық киіммен көшеде жүріп елдің назарына түскен видеосы 5 миллионға жуық қаралым жинап, халықтың ыстық ықыласына бөленген.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық киімдерді тек наурызда ғана емес, жай күндері де жиі киіп жүруіміз керек», - деп үндеу тастаған еді. Мұқаев бір ғана бас киімнің қазақ халқында 20-дан астам түрі барын атап, бірнеше ұсынысын ортаға салды. 

Біріншіден, ұлттық киімдерімізді ұлықтау мақсатында республикалық деңгейде «Ұлттық киім» күнін бекіту. Бұл күн мәдени құндылықтарымызды кеңінен насихаттап, өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеудің негізі болар еді.   

Екіншіден, мемлекеттік қызметкерлер мен халыққа қызмет көрсететін орталық қызметкерлерінің киімдеріне қазақи айдентика элементтерін қосу.

Үшіншіден, Ұлттық киім өндіретін отандық кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, бизнесті қолдауға бағытталған гранттарда ұлттық киім кәсібіне басымдық беру. Халық арасында ұлттық киімді қолжетімді етуге ықпал етіп, сұранысты арттыру;

Төртіншіден, мектеп оқушылары киетін ұлттық киімдер стандартын әзірлеп енгізу, әрі халықаралық түрлі жарыстарға (ғылыми олимпиада, спорт)  баратын азаматтардың формаларына міндетті түрде ұлттық нақышты бейнелеу.

«Елде ұлттық киімді насихаттау тек бір реттік челлендждер мен акциялармен ғана ұлықталуда. Соңғы уақытта жалпы халық арасында «Ұлттық сезім» жалпыұлттық акциясы басталып, ел арасында кеңінен қолдау тауып келеді. Акцияны зиялы қауым өкілдері, журналистер мен блогерлер, оқу ордалары қолдап, аптаның әр жұмасында ұлттық нақыштағы киімдерді киіп жүргендер қатары көбейді. Осы акцияны бастаған азаматтарға ерекше алғысымды білдіремін.  Ұлттық киім мәдени майданның негізгі қаруы, халық санасына әсер етуші күш екенін ескерсек бұл мәселеге үстіртін қарауға болмайды», - деді депутат.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
М
Мақсат 22.02.2024
Қолдаймыз!!!
Жауап беру
С
Сағындықова Ғазиза 21.02.2024
Қолдаймын, өте дұрыс айтады.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл