| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық қор активтері 65,1 млрд долларға дейін өсті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жыл басынан бері Ұлттық қордың активтері 2%-ға ұлғайып, 65,1 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Оның айтуынша, есепті кезеңде Ұлттық қорға 1,9 трлн теңге көлемінде қаражат түскен. Осыған тең мөлшерде, яғни 1,9 трлн теңге республикалық бюджетке трансферт ретінде бөлінген.
Сондай-ақ, биылғы алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың инвестициялық табысы 2,9%-ды немесе 1,9 млрд АҚШ долларын құраған.
Бұдан бөлек, осы кезеңде Ұлттық қордың қаражатын қамтамасыз ету мақсатында биржалық нарықта жалпы көлемі 2,2 млрд АҚШ долларына тең шетел валютасы сатылған.