| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Балаңыздың Ұлттық қордағы жинағын онлайн бірнеше қадамда көруге болады. Қаражатты тексеру және оны пайдалану жолдары әр қатысушының жасына байланысты ерекшеленеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
БЖЗҚ мәліметі бойынша, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушылардың жасы мен мәртебесіне қарай жинақты тексеру тәртібі әртүрлі.
18 жасқа толмаған балалардың жинағы:
Ата-анасы немесе заңды өкілдері баланың ЖСН арқылы тексере алады:
- kids.enpf.kz
- eGov mobile қосымшасы
- Кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары
Кәмелетке толған қатысушылар:
Өз жинақтарын мына жерлерден көре алады:
- enpf.kz сайтындағы жеке кабинет
- БЖЗҚ мобильді қосымшасы
- eGov mobile қосымшасы
Қаражатты пайдалану:
Жинақты қолданғыңыз келсе, алдымен АҚШ долларымен банктік шот ашу қажет. Содан кейін төлем жасау үшін онлайн өтініш жіберіледі. Өтінішті мына банктер арқылы беруге болады:
«Отбасы банкі» – тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім ақысын төлеу үшін
«Қазақстан Халық банкі» – білім ақысын төлеу үшін
«Банк ЦентрКредит» – білім ақысын төлеу үшін
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы балалардың болашағына қаржылық негіз қалыптастырады, олардың білім алуына, баспанаға қол жеткізуіне және өмірлік мақсаттарына жетуіне мүмкіндік береді.