Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлттық құрама футболшылары елге оралды
Жаңалықтар

Ұлттық құрама футболшылары елге оралды

21.11.2023
1 мин
0
337
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Астанадағы Н.Назарбаев халықаралық әуежайынан Қазақстан ұлттық құрамасын жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері күтіп алды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Еуро-2024 іріктеу турнирі аясында бақ сынаған Қазақстан ұлттық құрамасы Словения футболшыларымен кездесіп, аса тартысты өткен ойында қарсыластарына 2:1 есебімен жол берді. Құрама Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне іріктеу сайыстары арқылы тікелей жолдама ала алмаса да, Қарт құрлық додасына шығу мүмкіндігін сақтап қалды.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйлеп, ойыншыларға алғыс білдірді:

«Сіздер бүкіл қазақ халқына, тіпті футболдан, жалпы спорттан алыс жандарға естен кетпес ерекше әсер, эмоция сыйладыңыздар. Өз ойындарыңыз арқылы жанкүйерлердің отандық футболға деген сенімін қайтарып, еліміздің халықаралық аренадағы имиджін көтердіңіздер. Кеше түнде бүкіл ел ұйықтамай, сіздер үшін теледидар алдында тақым қысып, жанкүйер болды. Сіздер бұл додада үлкен ерлік жасап, қазақ халқын бір мақсат аясына ұйыстыра алдыңыздар. Бұл ерліктеріңіз көпке үлгі, мыңдаған жас бала сіздер сияқты болуды, болашақта ұлттық құрама сапында ойнауды армандайды. Қазақ халқына үлкен қуаныш сыйлағандарыңызға көп рахмет, жігіттер!», - деді министр.

Футболшыларды қарсы алуға жанкүйерлер де ерекше дайындықпен келді. Олар жігіттерге жігер беретін сөздер жазылған баннерлерді ұстап, құрмет ретінде жанды дәліз жасап, сап түзеді.

Сонымен қатар футболшылар мен жаттықтырушылар штабы барлық жанкүйерге іріктеу кезеңіндегі ойындар бойы қолдау білдіргені үшін алғыс білдірді. Команда топтағы шешуші матчты сырт алаңда өткізгеніне қарамастан, футболшылар осы түні бүкіл елдің қолдауын сезгенін атап өтті.

Енді жерлестеріміз Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі арқылы Еуроға шығу үшін тағы бір мәрте талпынып көреді. Бұл сында біздің жігіттерді 2004 жылғы Еуропа чемпиондары – Грекия құрамасы күтіп тұр. Матч 2024 жылдың наурыз айында Афинада өтеді деп жоспарланған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл