Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санын жариялады
Жаңалықтар

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санын жариялады

02.02.2026
мин
0
75
Сурет: Ақорда

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санын жариялады, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылға арналған Қазақстан халқының саны жөніндегі ресми деректерді жариялады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтарда ел халқының саны 20 495 975 адамды құрады. Соңғы бір жылда республика тұрғындарының саны 212 576 адамға артқан.

Өңірлер бойынша ең көп өсім байқалған аймақтардың бірі – Түркістан облысы.

Мұнда халық саны 2 миллионнан асып, 2 148 658 адамға жеткен. Алматы қаласында 2 347 924 адам тұрады.

Халқы 1 миллионнан асатын өңірлер қатарында:

Астана қаласы – 1 638 233 адам, жыл ішінде халық саны 109 530 адамға көбейген;

Алматы облысы – 1 596 331 адам, өсім 36 207 адамды құраған;

Жамбыл облысы – 1 215 373 адам, керісінше 7 018 адамға азайған;

Шымкент қаласы – 1 293 648 адам, халық саны 37 484 адамға артқан;

Қарағанды облысы – 1 131 287 адам, 2 646 адамға кеміген.

Ал халық саны ең аз өңірлер ретінде:

 Ұлытау облысы – 218 993 адам (2 297 адамға азайған);

Солтүстік Қазақстан облысы – 514 156 адам (8 015 адамға кеміген);

Абай облысы – 595 676 адам (7 156 адамға азайған).

1 қаңтардағы дерекке сай, қала тұрғындарының саны 13 029 803 адамға жетіп, бір жылда 256 688 адамға өскен. Ал ауылдық жерлерде 7 466 172 адам тұрады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 44 112 адамға төмендеген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл