Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлттық тасымалдаушының “Пойыз+Пойыз” қызметі арқылы 20 мыңнан астам билет рәсімделді
Жаңалықтар

Ұлттық тасымалдаушының “Пойыз+Пойыз” қызметі арқылы 20 мыңнан астам билет рәсімделді

03.09.2025
1 мин
0
298
Сурет: ҚТЖ

Ұлттық тасымалдаушы енгізген "Пойыз+Пойыз" қызметін жолаушылар белсенді пайдалана бастады. Қызмет іске қосылған уақыттан бері 20 мыңнан астам билет рәсімделген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жаңа жүйе ресми bilet.railways.kz сайтында қолжетімді. Ол тікелей рейстерге орын болмаған жағдайда немесе қатынас мүлдем жоқ бағыттарда ыңғайлы маршруттарды автоматты түрде таңдап береді. Жолаушы сайтқа кіріп, жөнелту мен келу станциясын көрсетсе жеткілікті – жүйе бірден қолайлы нұсқаларды ұсынып, онлайн билет сатып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ресурс арқылы автобус билеттерін де қатар рәсімдеуге болады.

"Пойыз+Пойыз" – жолаушылар тасымалында кезең-кезеңімен енгізіліп жатқан хабтық жүйенің бір бөлігі. Оның алғашқы нәтижесі Астана – Бурабай бағыты бойынша байқалуда. Бұл бағыттағы "Burabay express" электрпойызының кестесі курорт пен қонақүйлердің жұмыс уақытымен сәйкестендіріліп, жолаушыларға демалысын алдын ала жоспарлауға қолайлы жағдай жасады.

Алдағы жылдары хабтық жүйе еліміздің барлық өңірлеріне кеңейтілмек. 2026 жылдан бастап қала маңы және алыс бағыттағы пойыздарды интеграциялау жоспарланып отыр. Кестелерді үйлестіру мен аялдамаларды оңтайландыру арқылы жолаушылардың пойыздар арасында ауысуы жеңілдеп, сапар уақыты қысқарады.

Жобаны жүзеге асыруға халықаралық DB Engineering & Consulting мамандары тартылған. Бұл қадам Қазақстанның көлік жүйесіне әлемдік үздік тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл