Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлытау облысының прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп, есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2024 жылдың басынан бері өңірде 160 келіден астам есірткі тәркіленіп, облыс аумағына жеткізудің үш арнасы тоқтатылды.
7 тамызда Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Кеңгір кентінде кең ауқымды жедел-іздестіру шаралары өтті. Нәтижесінде аса ірі көлемде есірткі сақтап, сатты деген күдікпен 7 адам ұсталды. Оларды тексеру барысында 100 келіден астам есірткі тәркіленді.
Сонымен қатар, Сәтбаев қаласында "Г" есімді азаматша ұсталып, одан 600 грамнан астам синтетикалық есірткі алынды. Тергеу дерегінше, ол затты Қарағанды қаласынан такси арқылы жеткізіп, облыс аумағында "закладка" тәсілімен таратқан.
Есірткі саудасымен күрес аясында интернет-дүкендердің қызметіне де соққы берілді: 2870 банк шоты бұғатталып, жалпы сомасы 92 млн теңгеден астам қаражатқа тыйым салынды.