| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлытау облысында көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік төлем жасау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр ана» атағын алған жандар, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған әйелдерге 20 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі.
Қазіргі таңда өңірде аталған санатқа жататын 9 375 ана бар. Біржолғы төлемдерге жалпы 187 500 000 теңге қарастырылған.
Статистикаға сәйкес, бүгінде Ұлытау облысы халқының 110 928-і – әйелдер қауымы. Бұл жалпы тұрғындардың 50,7 пайызын құрайды.
Бастама аналарды қолдауға және олардың қоғамдағы рөлін айқындауға бағытталған.