Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлытау облысында “Kaef Mafia” Telegram-дүкенінің қызметі тоқтатылды
Жаңалықтар

Ұлытау облысында “Kaef Mafia” Telegram-дүкенінің қызметі тоқтатылды

03.09.2025
1 мин
0
199
Сурет: Dauletten.kz

Ұлытау облысының арнайы прокурорлары синтетикалық есірткіні заңсыз өткізумен айналысқан "Kaef Mafia" атты Telegram-дүкеннің қызметін әшкереледі. Тексеру нәтижесінде оның ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қылмыстық схема "байланыссыз байланыс" тәсілі арқылы жүргізіліп, төлемдер "дропперлердің" банктік карталары арқылы қабылданған. Тергеу барысында 200-ден астам осындай карта тәркіленді. Сондай-ақ қылмыстық желіні үйлестірген Ресей мен Украина азаматтарының қатысы анықталды. Төрт шетелдікке қатысты іс қозғалып, олардың үшеуі қамауға алынды, тағы төртеуі іздеуде. Іздестіріліп жатқан тұлғалардың қатарында қаражатты криптовалютаға шығарып отырған адам да бар.

Қазіргі таңда екі "есірткіні жасырын қойып таратушыға" қатысты тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Сонымен қатар Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, заңсыз айналымнан 3,2 млрд теңге көлеміндегі активтер тәркіленіп, сот шешімімен мемлекет кірісіне өткізілді.

Бүгінде аталған Telegram-дүкен банктік карталар арқылы төлем қабылдауды тоқтатты. Қалған қатысушыларға қатысты тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл