Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлытау облысында "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 100 келіден астам марихуана мен қару-жарақ тәркіленді, — деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері прокуратурамен бірлесе отырып, есірткі заттарының заңсыз айналымына тосқауыл қою мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Тексеру кезінде Жезқазған қаласына жақын орналасқан Кеңгір кентіндегі жеке тұрғын үйдің гаражына тінту жүргізіліп, алты қап пен бір түйіншекке салынған құрғақ марихуана табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесінде оның жалпы салмағы 103 килограмм екені анықталды.
Сондай-ақ, гараждан "Вепрь" маркалы ойық ұңғылы аңшы мылтығы, оған арналған 32 патрон және электронды таразы алынды. Үй ауласынан бір түп қарасора өсімдігі тәркіленді.
Тергеу барысында барлық тәркіленген заттардың 37 жастағы Сәтпаев қаласының тұрғынына тиесілі екені белгілі болды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр