Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлытаулық ұстаз оқушыларымен бірге «Багги» көлігін құрастырды
Жаңалықтар

Ұлытаулық ұстаз оқушыларымен бірге «Багги» көлігін құрастырды

22.06.2023
1 мин
0
287

Ұлытау ауданы оқушылар үйінің «Бастапқы техникалық модельдеу» үйірмесінің жетекшісі Қазбек Мұқанов оқушылармен бірге «Багги» деп аталатын спорттық автокөлік құрастырды, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Сағатына 50-60 шақырым жылдамдықпен жүретін жер талғамайтын «Багги» әр техника құралдарынан жиналған. Бұрылыс механизмі ВАЗ-2109 машинасынан, дөңгелектері квадрацикл, маторы мотоциклден алынған. Дыбыс сингалы, фарлары бар көлік туристтерге таптырмайтын қозғалыс құралы. Үйірме жетекшісінің айтуынша, «Багги» Ұлытау тауларын аралауға ыңғайлы, жанармайды да көп қажет ептейді.

«Бұған дейін оқушылар шағын модельдермен айналысып, машина, ұшақ жасап жүрді. Былтырғы оқу жылында веломобиль жасап, оқушылармен бірге маторлы машина құрастыруды ойға алған болатынбыз. Дәнекерлеу жұмыстарын өзім жасадым, оқушыларым Темірлан Серік, Шерхан Қуаныш және Ерсұлтан Боранбай детальдарын құрастырып, бояуға көмектесті», - дейді үйірме жетекшісі Қазбек Мұқанов.

Ұстаз бен оқушылар «Багги» спорттық көлігін 2 айда құрастырып шыққан. Ықшам әрі ыңғайлы техника көптің қызығушылығын тудырып, «Бастапқы техникалық модельдеу» үйірмесіне жазылуға ниетті ер балалар қатары артқан. Ұлытаулық ұстаз шәкірттерін техникаға баулып қана қоймай, осы істі дамытып өңір туризміне де үлес қосуды жоспарлап отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл