Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұн бағасы 45%-ға қымбаттады
Жаңалықтар

Ұн бағасы 45%-ға қымбаттады

07.11.2022
1 мин
2
2353

Елімізде ұнның бөлшек саудадағы бағасы жыл ішінде бірден 45 пайызға жуық қымбаттап кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Еnergyprom.kz дерегінше, осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде елімізде 2,3 млн тонна ұн өндірілді.

Өндірістің жартысынан көбі Қостанай (784,1 мың тонна) мен Солтүстік Қазақстан (243,7 мың тонна) облыстарына, сонымен қатар Шымкент қаласына (197,6 мың тонна) тиесілі.

Еліміздің ұн тартатын кәсіпорындары ішкі нарықты өніммен толықтай қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен қатар қаңтар-тамыз аралығында олар ұн экспортын 28,3 пайызға арттырып, 1,1 млн тоннаға жеткізді.

Алайда, ішкі нарықта ұн сату бірден 22,2 пайызға, 838,8 мың тоннаға дейін қысқарып отыр. Ал өткен жылы 3,6 пайыз өсім байқалған еді.

Өткен жылмен салыстырғанда осы жылдың қаңтар-тамыздында бидай немесе бидай-қарабидай ұнының экспорттық бағасы бірден 41,6 пайызға қымбаттап кетті.

2022 жылдың қазан айының қорытындысында ішкі нарықта тұтынушыларға арналған ұнның бағасы жыл басынан бері 41,3 пайызға және 2021 жылдың қазанымен салыстырғанда 44,3 пайызға қымбаттады.

2022 жылдың қазан айында жоғары сұрыпты бидай ұнының бөлшек саудадағы бағасы 1 келісі үшін 369 теңгені, бірінші сұрыпты үн 245 теңгені құрады.

Қазақстан қалалары арасында жоғары сұрыпты бидай ұнының ең қымбат Астанада (1 келісі 447 теңге), Ақтауда (411) және Шымкентте (406), ал ең арзаны Ақтөбеде (279 теңге), Павлодарда (292), Жезқазғанда (296) және Семейде (296) тіркелген.

Бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісіне ең жоғары баға Ақтауда (335 теңге), Алматыда (306) және Астанада (298), ең төмені Петропавлда (145 теңге), Қарағандыда (184) және Павлодарда (186) белгіленді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Б
Балганым 07.11.2022
Ажантажды оздерн шакырасындар осылай. 45%кымбаттады деп.
Жауап беру
Қ
Қаракөз 07.11.2022
Таңқалмаймыз, қашанда солай
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл