Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальға қол жеткізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Таеквондодан 63 келі салмақта өнер көрсеткен Самирхон Абабакиров финалда түркиялық қарсыласын жеңіп, ел қоржынына алғашқы алтынды салды.
Жарыс жолында Самирхон Израиль, Канада және Тунис спортшыларын жеңіп шықты. Әсіресе Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, тунистік Мохамед Халил Джендубимен болған жекпе-жек тартысты өтті.
Бұл жеңіс — Самирхон Абабакировтың ересектер деңгейіндегі ең үлкен жетістіктерінің бірі. Бұған дейін ол Париж Олимпиадасына қатысқан болатын.