472.03
540.29
6.11
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Үш өңірге сел қаупіне байланысты ескерту жарияланды
Жаңалықтар

Үш өңірге сел қаупіне байланысты ескерту жарияланды

03.07.2026
мин
0
84
Сурет: BAQ.kz

Алдағы үш күнде Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы аумақтарында сел жүру қаупі артады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Қазселденқорғау» ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының тұрғындары мен демалушыларын сақ болуға шақырды.

- 3-5 шілде аралығында ауа температурасының жоғары болуы және нөсер жаңбырлардың болжануына байланысты тау беткейлерінен су қарқынды ағып, өзендердегі су деңгейі көтеріледі. Соның салдарынан жер көшкіні мен сел жүруі мүмкін, – делінген «Қазселденқорғау» хабарламасында.

Мамандардың болжамынша, таудан аққан судың көбеюі өзендердің тасуына әсер етіп, төмен орналасқан аумақтарды су басу қаупін де күшейтеді.

Осыған байланысты азаматтарға қауіп сейілгенше таулы бағыттарға баруды кейінге қалдыру, өзен арналарына жақындамау және төтенше жағдай қызметтерінің ескертулерін назардан тыс қалдырмау ұсынылды.

Сонымен бірге құтқару қызметі Алматы маңындағы өзендердің ахуалын үздіксіз қадағалап отырғанын мәлімдеді.

- Қарғалы, Ақсай, Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендеріне тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты», – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы қаласының аумағындағы өзендерде әзірге қауіпті өзгерістер тіркелмеген, жағдай тұрақты бақылауда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл