Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда овербукингке — яғни межеден көп билет сату тәжірибесіне — енді ішкі бағыттар бойынша да жауапкершілік енгізілмек, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
"Овербукинг" – әуе кемесіндегі орындар санынан артық билет сату тәжірибесі – көптеген елдерде жиі қолданылады. Ірі халықаралық әуе компаниялары кей жолаушылардың рейске келмейтінін болжап, орыннан артық билет сатады. Алайда барлық жолаушы ұшуға келген жағдайда, кейбіреуіне ұшаққа отыруға рұқсат берілмей жатады.
Бұған дейін бұл тек халықаралық рейстерге қатысты болатын.
Мұндай жағдайлар әсіресе мереке күндері жиі кездеседі. Жолаушыда билеті бола тұра, орын жетіспеушілігінен сапарға шыға алмай қалатын сәттер аз емес.
Енді бұл мәселеге заңмен тосқауыл қойылады. Егер әуе компаниясы жолаушыларды, багажды немесе жүктерді тасымалдау ережесін бұзса, 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады.