Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Белгілі ұшқыш-ғарышкер, Қазақстанның Халық қаһарманы, авиация генерал-лейтенанты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 74 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Ақорда таратты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта Талғат Мұсабаевтың ел алдындағы ерен еңбегі ерекше аталып өтті:
- Талғат Амангелдіұлы – үш рет ғарышты бағындырған, ашық ғарыш кеңістігіне шыққан ержүрек қаһарман. Ол ерлігімен елінің мерейін өсіріп, абыройын асқақтатты. Бар ғұмырын қазақстандық ғарыш саласының дамуына арнады. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі бастамаларға ұйытқы болды. Кәсіби біліктілігімен және азаматтық белсенділігімен халқының зор құрметіне бөленді. Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, – делінген Президенттің жеделхатында.
Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Фабричное ауылында дүниеге келген. Ол – тәуелсіз Қазақстан атынан ғарышқа ұшқан алғашқы ұшқыш-ғарышкер. Барлығы үш рет ғарышқа сапар шегіп, жалпы 341 тәуліктен астам уақытты орбитада өткізген. Сонымен қатар бірнеше рет ашық ғарыш кеңістігіне шыққан.
Мұсабаев – Ресей Федерациясының Батыры және Қазақстанның Халық қаһарманы. Техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты.
2007–2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін басқарды. 2017–2023 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды.