Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үсік шалған: Қостанай облысында жоғалып кеткен малшы табылды
Жаңалықтар

Үсік шалған: Қостанай облысында жоғалып кеткен малшы табылды

17.01.2024
1 мин
0
569
Фото: polisia.kz

ТЖД құтқарушылары мен полицейлер Қостанай облысында аязда жоғалып кеткен малшыны тапты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

13 қаңтарда Арқалықта қарлы боранда жергілікті малшылардың жылқылары жоғалып кеткен. Малшылар көлікпен іздеуге шығып, жоғалған малдарын Ақмола облысынан тапқан. Кейін көлік қарда тұрып қалып, жылқыларды күзетуге қалған малшыдан көз жазып қалған.

Үш күн ішінде, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан 50 адамнан тұратын топ іздеу жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Құтқарушылар, полицейлер, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер және бей-жай қарамайтын жергілікті тұрғындар жоғалған адамды іздеді. Ауа-райының қолайсыздығы тік ұшақпен іздеуге кедергі келтірді. Сондықтан ер адамды жаяу және квадрокоптердің көмегімен іздеген.

16 қаңтарда Астана қаласынан жоғалған адамды іздеу үшін тікұшақ келді. Аумақты барынша қамту үшін барлық ресурстар, соның ішінде тікұшақтар, жол талғамайтын көліктер және қарда жүретін көліктер тартылған.

Полиция қызметкерлері жоғалған малшыны Восточное ауылының маңынан тапты. Малшы үсікпен Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл