Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұялы байланыс тарифтері неге қымбаттап жатыр: Цифрлық даму вице-министрі жауап берді
Жаңалықтар

Ұялы байланыс тарифтері неге қымбаттап жатыр: Цифрлық даму вице-министрі жауап берді

05.08.2025
1 мин
1
414
Сурет: iPhones.ru

Министрлер кабинетінде өткен брифинг барысында Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун ұялы байланыс тарифтерінің не себепті қымбаттап жатқаны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Журналистер елімізде ұялы байланыс қызметтерінің бағасы неге үнемі өсіп жатқанына алаңдаушылық білдірді:

– Өткен айда байланыс үшін 4600 теңге төлесек, келесі айда 5600 теңге болды. Неге шектеу қоймайсыздар? Қазақстандықтардың жалақысы ай сайын өсіп жатқан жоқ қой, – деді олар.

Өз жауабында вице-министр Дмитрий Мун байланыс сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

– Операторлардың тарифтерін реттеу функциясы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жүктелген. Бізге белгілісі – операторларға тарифтердің құрамдас бөліктерін көрсетуді талап еткен хабарламалар жолданған. Қолданыстағы ережелерге сәйкес қоғамдық тыңдаулар мен тиісті рәсімдер өткізілуі тиіс. Қазіргі уақытта министрлік өз құзыреті шегінде қандай да бір шектеу қоя алмайды. Бұл – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құзырындағы мәселе, – деп жауап берді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Г
Гаухар 05.08.2025
қайдағы сапа. вообще интернет істемей ді. далаға шығып, іздеп жүреміз. 5400 тг татымайды
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл