Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Үздік педагог» конкурсының ережелері мен өткізу мерзімі өзгереді
Жаңалықтар

«Үздік педагог» конкурсының ережелері мен өткізу мерзімі өзгереді

31.03.2023
1 мин
0
761

«Үздік педагог» конкурсының ережелері мен өткізу мерзімі өзгеруі мүмкін.

«Конкурстың І кезеңін өткізу туралы хабарландыруды білім беру саласының уәкілетті органы оны өткізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын Министрліктің ақпараттық жүйесіне орналастырады. Аудан, қаланың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың) білім бөлімі аудан (қала) аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ бөлімнің интернет-ресурсында орналастырады», – делінген Оқу-ағарту министрлігі «Ашық» НҚА порталында жариялаған тиісті бұйрықта.

Сонымен қатар конкурстың алғашқы кезеңі биыл мамырда басталады. Бұрын педагогтерден өтінімдерді қабылдау қыркүйек айында жүргізілетін. Ал конкурстың II кезеңі тамызда, финалы қыркүйекте ұйымдастырылмақ. Ескі ереже мерзімі бойынша сайыстың қорытындысы қараша айында шығарылатын.

«25 қазан Республика күні және 5 қазан – Мұғалім күні болып енгізілуіне байланысты конкурсты өткізу датасы өзгерді. Осыған байланысты аталған нормада I кезеңді өткізу мерзімі қыркүйектен мамырға ауыстырылды», – деп түсіндірме берілген бұйрыққа.

Сондай-ақ І және ІІ кезеңдерде қатысушарды бағалау тәртібі де өзгеруі мүмкін. Атап айтқанда енді үміткерлерге өңірлік комиссия мүшелері ұпай береді. Соның негізінде жеңімпаз анықталады.

«Өңірлік комиссия шешімінің қорытындылары бойынша 100 балдың кемінде 80 балын жинаған 10-ға дейінгі конкурсқа қатысушы конкурстың І және ІІ кезеңінің жеңімпаздары болады. Конкурстың III кезеңі ағымдағы жылғы қыркүйекте өткізіледі. Онда конкурстың жеңімпаздары анықталады», – деп жазылған өзгеріс мәтінінде.

Бұйрық 13 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Фото: ortalyq.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл