489.31
568.33
6.63
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Веломаусым: Велосипедіңізді қараусыз қалдырмаңыз
Маман пікірі

Веломаусым: Велосипедіңізді қараусыз қалдырмаңыз

03.06.2026
мин
0
87

Қазақстанда веломаусымның басталуына байланысты полиция азаматтарды велосипедтерін сақтау мәселесіне мұқият қарауға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жыл басынан бері елімізде шамамен 400 велосипед ұрлығы тіркелген. Оның жартысынан астамы табылып, иелеріне қайтарылды.

Полицейлердің мәліметінше, ұрлықтардың басым бөлігі көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінде, баспалдақ алаңдарында және аулаларда жасалады. Көп жағдайда қылмыскерлер иелерінің салғырттығын пайдаланып, қараусыз қалған немесе сенімсіз құлыппен бекітілген велосипедтерді алып кетеді.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары велосипедтерді ғимарат ішінде сақтауға немесе рамасы мен доңғалағын бірге қамтитын сенімді құлыптарды пайдалануға кеңес береді. Сондай-ақ көлікті күзетілетін тұрақтарға немесе бейнебақылау камералары орнатылған орындарға қалдырған жөн.

Велосипед иелеріне көліктің сериялық нөмірін жазып алып, ерекше белгілерін есте сақтау және алдын ала суретке түсіріп қою ұсынылады. Бұл ұрлық болған жағдайда оны іздестіруді жеңілдетеді.

Жаз мезгілінде полиция велосипедшілер жиі баратын орындарда патрульдеуді күшейтіп, тұрғын үй алаптары мен тұрақ аймақтарында түнгі рейдтер өткізеді. Сонымен қатар ұрланған мүліктің сатылуына жол бермеу мақсатында базарлар мен бейберекет сауда орындары тексеріледі.

Полиция азаматтарды қырағылық танытып, өз мүлкінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл