Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ыстанбұлда терракт жасаған әйел бар шындықты айтты
Жаңалықтар

Ыстанбұлда терракт жасаған әйел бар шындықты айтты

15.11.2022
1 мин
0
3711

Ыстамбұлдың Истикляль көшесіне жарылғыш зат қалдырған Ахлам Альбашир Түркияға арнайы тапсырмамен келгенін мойындады, деп хабарлады Cumhuriyet агенттігі.

Күдіктінің сөзінше, ол Түркияға заңсыз жолмен Африн-Идлиб қалалары арқылы келген.

«Сирия демократиялық партиясы, Бірлескен демократиялық партиясы және Күрдстан жұмысшылар партиясы тарапынан арнайы дайындықтан өттім. Теракті жасау үшін олардан арнайы тапсырма алдым», - деді Ахлам Альбашир. 

Сондай-ақ, түркі басылымдары елде қарулы күштер тарапынан ұйымдастырылған арнайы операция кезінде Ахлам Альбаширден бөлек 46 күдікті азамат ұсталғанын хабарлады.

Айта кетейік, кеше  Ыстамбұлдың орталық көшесінде болған жарылыстан 6 адам қаза тауып, 81 адам жарақаттанды.

Көп ұзамай Түркия ІІМ басшысы Сулейман Сойлу жарылғыш зат қалдырған әйел адамды ұсталғанын мәлімдеді.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдап, Ыстанбұл қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл