Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ЮНЕСКО-ның Мұздықтарды зерттеу орталығы Қазақстанда жұмысын жалғастырады
Жаңалықтар

ЮНЕСКО-ның Мұздықтарды зерттеу орталығы Қазақстанда жұмысын жалғастырады

17.12.2025
1 мин
0
90
Сурет: ашық дереккөз

Мәжіліс Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы – ЮНЕСКО арасындағы келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Құжат Қазақстан аумағында 2-санаттағы орталық ретінде Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының қызметін жалғастыруды көздейді. Аталған келісімге 2025 жылғы 19 маусымда Астана қаласында қол қойылған.

Келісім мұздықтарды, қар жамылғысын және мәңгі тоңды зерттеу саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ климаттың өзгеруі жағдайында олардың өңірдің су ресурстарына ықпалын бағалауға бағытталған.

Құжатқа сәйкес, Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығына сегіз жыл мерзімге ЮНЕСКО-ның 2-санаттағы орталығы мәртебесі беріледі. Орталық өңірлік деңгейде гляциология мен су ресурстарын ғылыми зерттеу, білім беру және үйлестіру жұмыстарын жалғастырады.

Келісім аясында Қазақстан Үкіметі, ЮНЕСКО және өңір мемлекеттерінің өкілдерінен тұратын Басқарушылар кеңесі құрылады. Қазақстан тарапы орталықтың қызметін жыл сайын кемінде 414 млн теңге көлемінде қаржыландырып, ғимаратпен, қажетті жабдықтармен және әкімшілік қолдаумен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар құжат халықаралық сарапшылардың қатысуымен бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға, семинарлар мен оқыту бағдарламаларын өткізуге мүмкіндік береді. Мұнымен қоса, ғылыми деректермен ашық алмасу және мұздықтарды мониторингілеу мен сақтау саласында заманауи технологияларды енгізу көзделген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл