| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Ақтөбе облысының ПД аумағында 2020 жылғы 15-31 желтоқсан аралығында “Шырша” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасының аумағында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, дайындау, тасымалдау және сатудың жолын кесу бойынша табиғат қорғау органдарына көмек көрсету мақсатында “Шырша” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Қылқан жапырақты ағаштар өсетін жерлерде бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізу үшін жергілікті полиция қызметінің, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен мобильді топтар құрылды.