Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зардап шеккен халық шығындарының қалай есептелетінін білмейді – Ринат Зайытов
Жаңалықтар

Зардап шеккен халық шығындарының қалай есептелетінін білмейді – Ринат Зайытов

17.04.2024
1 мин
0
310
Фото: kaz.kazlenta.kz

Аймақтарда су тасқынынан зардап шеккен халық өтемақы алудың жолдарынан әлі хабарсыз. Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында депутаттық сауал жолдаған Ринат Зайытов мәлімдеді.

«Бүгінгі депутаттық сауал менің сөзім емес, әулетімен әуреге түсіп, баспанасы мен мал-мүлкінен айырылып, тілсіз жаумен тайсалмай күресіп жатқан ержүрек қазақ халқының сөзі деп білгейсіздер. Біріншіден, тосыннан келген топан суды қанша жерден табиғи құбылыс десек те, апатқа кінәлі адами салғырттықтар да бар. Дәлелімен айтсақ, Атырау облысы мен Құлсары қаласының маңынан заңсыз салынған су бөгеттері, жергілікті биліктің көктемгі су тасқынына әлсіз әзірленгені, сын сағатта абдыраған жұрттың әрекетін үйлестіре алмауы да осындай салдарға әкеліп соқты. Жергілікті билікпен жауапты министрліктер оған дейін дабыл қаққан әріптестерім Тұрғанов, Базарбек, Жылыой аудандық мәслихатының депутаты Сәрсенбаевтардың депутаттық сауалдарына бей-жәй қарағаны да бұл апаттың бір себебі деуге әбден болады. Сіріңкеге сүріне беретін мемлекеттік органдардың шалағайлығы жауапқа тартпаса жалғаса береді ғой», - деген депутат жауапкершілік алудан қашып, жұмысты бір-біріне сілтеп отыратын қызметкерлер мен жергілікті ірі компаниялар әрекеттері жазалануын талап етті.

Ол апат салдарынан зардап шеккен халық өз шығындарының қалай есептеліп, қалай өтелетінін әлі де толық білмейтінін айтты.

«Өйткені, шаралардың нақты алгоритмі жасалмаған. Комиссия қалай құрылып, қалай жұмыс істейтіні жайлы халыққа дұрыс хабарланбаған. Сол себептен Комиссия жұмысын жеңілдетіп, халықпен тікелей байланыстыру мақсатында оның құрамына ел сеніміне ие болған жергілікті белсенді азаматтарды қосу керек деп есептейміз», - деген ұсыныс айтты.

Төтенше жағдай болған аймақтардың тұрғындарына несиеден уақытша каникул беру ұсынылды. Сонымен қатар, баспанасынан айырылған азаматтарды оңтайлы орналастыруды жеделдетуді сұраймыз деді депутат.

«Абай мен Қостанайда болған отты опатта да, бүгінгі болып жатқан топан су топалаңында да Қазақстан халқы өзінің бағалы бірлігі мен темірдей төзімін танытты. Халықтың талап-тілегі тиісті деңгейде орындалады деген үміттеміз», - деп қорытындылады сөзін Зайытов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл