| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қосымша төлем бұрыннан зейнетақы алатын азаматтарға, сондай-ақ кейбір ерекше санаттағы адамдарға беріледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы сомасы 5% ұлғайды. Бұл өсім негізінен бұрыннан зейнетақы алып жүрген азаматтарға қатысты.
Жаңа төлемдер жеке зейнетақы жинақтарының көлеміне тәуелді есептеледі. Алғаш рет зейнетақы алатын азаматтар үшін қаражат 6,5%-дық мөлшерлемемен көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Кейінгі жылдары төлем жыл сайын 5% өсіп отырады.
- Сонымен қатар, БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақының ең төменгі мөлшері республикалық бюджет заңымен белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТК) кемінде 70%-ын құрайды. 2026 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 851 теңге болып белгіленді. Ең жоғары ай сайынғы зейнетақы мөлшері шектелмейді және ол азаматтың жеке зейнетақы шотындағы жинақ көлеміне тікелей байланысты, - деп түсіндірді БЖЗҚ баспасөз қызметі.
Қосымша түзету коэффициенттері кейбір азаматтарға қолданылады. Оларға:
I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар;
Кемінде 60 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасын төлеген және зейнеткерлік жасқа жеткендер.
Егер адам екі санатқа да сәйкес келсе, ең жоғары коэффициент қолданылады.
Жалпы, БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы жеке жинақтар мен инвестициялық кірістерге тәуелді, ал қаражат толық таусылғанша төленеді. Жеке жинақтар салымшының меншігі болып, заңға сәйкес мұрагерлікке қалдырылады.