Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын ипотекаға пайдалану тәртібі өзгереді
Жаңалықтар

Зейнетақы жинағын ипотекаға пайдалану тәртібі өзгереді

29.01.2026
мин
1
695
Сурет: gov.kz

Қазақстанда зейнетақы қорындағы артық қаражатты ипотеканы өтеу үшін пайдалану тәртібі өзгереді. Жаңа талаптар 31 қаңтардан бастап күшіне енеді. Соған байланысты азаматтар наурыз айына дейін зейнетақы жинақтарының артығын Отбасы банкіндегі қарыздарын ішінара өтеуге пайдалана алмайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Отбасы банк енгізілген өзгерістерге түсініктеме берді. Түзетулер тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану қағидаларына енгізілген және ипотекалық қарызды өтеу механизміне тікелей әсер етеді.

Негізгі өзгеріс неде?

Бұрын зейнетақы жинақтарының артығы ипотека бойынша ай сайынғы төлемді толық жабуға пайдаланылатын. Яғни, БЗТ есебінен негізгі қарыз да, пайыздар да, басқа да төлемдер өтелетін.

Енді бұл мүмкіндік шектелді.

Жаңа ережеге сәйкес:

зейнетақы қаражаты тек негізгі қарызды өтеуге ғана жұмсалады;

ипотека бойынша пайыздар мен басқа да ілеспе төлемдер қарыз алушының өз қалтасынан төленуі тиіс;

БЗТ арқылы ай сайынғы төлемді толық жабу мүмкін болмайды.

Бұл өзгеріс «берешек» ұғымының «негізгі қарыз» ұғымымен алмастырылуына байланысты енгізіліп отыр.

Қарызды өтеу тәртібі қалай өзгереді?

Алдағы уақытта Отбасы банкіндегі ипотеканы өтеу екі кезеңмен жүзеге асады:

Алдымен қарыз алушы өз қаражаты есебінен пайыздарды және басқа міндетті төлемдерді өтейді;

Содан кейін ғана зейнетақы жинақтарының артығы негізгі қарызды өтеуге бағытталады.

Осы себепті клиенттің ағымдағы және арнайы шоттарында алдын ала қажетті сома болуы шарт.

Өтінімдер неге уақытша қабылданбайды?

Жаңа талаптарға байланысты банктің цифрлық жүйелерін қайта бейімдеу қажет. Осыған орай:

enpf-otbasy.kz платформасында өтінім қабылдау

2026 жылдың 30 қаңтарынан 2 наурызына дейін уақытша тоқтатылады;

30 қаңтарға дейін берілген өтінімдер бұрынғы ережелермен қаралады;

зейнетақы жинақтарының артығын БЖЗҚ-дан сұрату тәртібі өзгеріссіз қалады.

Айта кету керек, зейнетақы қаражатын пайдаланудың басқа бағыттарына бұл өзгерістер әсер етпейді.

Іс жүзінде бұл нені білдіреді? (қысқаша)

Мысалы, егер ай сайынғы ипотекалық төлемнің ішінде пайыз бен депозитке жарна болса, оларды енді зейнетақыдан емес, өз қаражатыңызбен төлеуге тура келеді. Ал зейнетақы қорындағы артық ақша тек негізгі қарызды азайтуға жұмсалады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Г
Гулфара 29.01.2026
Көп көмек болып жур еді пенсионный арқылы ай сайынғы төлемді төлеп????Бұны да халыққа көп көргені несі екен????Қазақтар баспаналы болсын деп отырған үкіметті көрмедік????
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл