| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Абай облысында құрылыс компаниясының басшылары жалған келісімшарт арқылы 1 млрд теңге инвестор ақшасын иемденгені үшін қолға түсті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Dala SK Construction» компаниясы инвесторларды тарту үшін арзан пәтерлер мен бөліп төлеу ұсыныстарын интернетте жарнамалаған.
Алайда жоспарланған алты мұнараның орнына тек біреуінің іргетасы қаланған.
Тергеу көрсеткендей, компания екі жыл бойы рұқсатсыз, жобалық-сметалық құжатсыз және авторлық қадағалаусыз құрылыс жүргізген. 2024 жылдың күзінде құрылыс нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік шара қолданылғанымен, басшылық жаңа инвесторларды тартуды тоқтатпаған.
Тергеу барысында 64 адаммен жасалған жалған келісімшарттар арқылы жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам қаражат иемденілгені анықталды. Құқық қорғау органдары күдіктілерден 2 пәтер, 10 жер учаскесі және 6 автокөлікті тәркіледі.
Қазіргі таңда ұйымдастырушы қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр.