Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жалын Серікжан: «Ұлттық қолөнерге қызығатын жастар аз»
Менің кәсібім

Жалын Серікжан: «Ұлттық қолөнерге қызығатын жастар аз»

25.05.2023
1 мин
0
2220

Заман қанша дамып, күн сайын техниканың түр-түрі шықса да ұлттық қолөнер бұйымдарықазр сұранысқа ие. Бұл туралы қазақи нақыштағы түрлі бұйыдар жасайтын Жалын Серікжан айтты. Dauletten.kz журналисі алматылық шебермен сұхбаттасып қайтты.

Ұлттық қолөнерге деген қызығушылық қалай пайда болды? Аталарыңыз осы кәсіппен айналысқан ба?

Ұлттық қолөнерге қызығушылық бала ккүнімнен басталды. Жайлауда үйдегілер ағаштасып, отын жарса, мен ағаштан үй салып ойнайтынмын. Бізде қымыз құятын шара-кеселер болған жоқ. Екі қыр асқанда Жұмақ деген кісінің үйінде сондай қымыз құятын ыдыстар  бар еді. Ол кісілер қазақ емес ноғай болатын. Соны көріп мынаны кім жасайды деп ойлайтынмын. Енді ол кезде екі үйдің  бірінде болған жоқ, тек бірең-сараңында ғана бар тұғын. Қалғандары темір алюминий ыдыстарды қолданатын. Оның өзі тапшы, ол да біраз ақша тұратын. Сосын соны жасау туралй жиі ойлана бастадым. Енді ол бала күнім, бірінші-екінші сынып оқып жүрген кездер ғой.

Ал енді аталарымызда мұндай өнер болған жоқ, болса менің үйімде ағаш ыдыс болар еді!

Елімізде дәл сіз секілді астау жасайтын шеберлер көп пе?

Осыдан 5-8 жыл бұрын салыстырмалы түрде бізде бәсекелестік мүлдем өте төмен болатын. Елімізде осындай бұйым жасаумен айналысатын адамдар саусақпен санарлықтай болды. Қазір жаңа лек пайда болды, санап үлгере алмайсың. Кәсіпке келгеннен кеткендері көп, келіп-кетіп келіп-кетіп жүргендері де аз емесБұл мені қуантады, мен үшін ол бәсеке таластық емес, керісінше менің дамуыма, ары қарай жақсы идеялар ойлауыма үлкен септігін тигізеді.

Өзіңіз жасайтын ыдыс-аяқты атап кетсеңіз. Қанша түрін жасайсыз және әр қайсын жасауға қанша уақыт кетеді?

Мен жасайтын бұйымдардың аты: сый табақ, төре табақ, астау, бас табақ, қуырдақ табақ, кесе, шара, ожау, тостаған, зерлі тостаған, сүт құйғыш, қант салғыш сол секілді ыдыстар жасаймыз. Оның сыртында тәтті дәмді тәтті салғыш, жалпақ тілмен айтқанда құрғақ жеміс салатын, сондай ыдыстарды да жасаймыз.Сосын садақ жасаймын.

Садақ жасаймын деп айтып қалдыңыз. Оған сұраныс көп пе?

Садаққа сұраныс өте көп. Басытысы сапалы жасау. Ал ол еңбек пен уақытты талап етеді. Мәселен, бір садақты толықтай ачқтау үшін 6-7 күн жұмсаймын. Ағашы кебеді, дайын болғасын керекті майларын жағын, өңдеймін. Бір бұйымның артында күрделі процесс жатыр.

Шәкірт тәрбилецді екенсіз. Телефоннан қолы босамайтын балалар, мұндай кәсіпке қызыға ма?

Менің шәкірттерім көп болды. Келіп екі күн тұрып, ештеңе меңгермей кетіп қалғандары да болды. Келіп бір айдың ішінде біраз нәрсе игеріп алғандары бар. Үйреніп алып, менің өзімді менсінбей кеткен адамдар да жоқ емес. Бірақ қазір үйренгісі келетін жастардың қатары аз. Көбі тек ақша табу үшін ғана істегісі келеді. Бұл – үлкен өнер. Ұлттық мұра, болашақта ұрпаққа керек деген ой екінің бірін мазаламайды.

Сіз жасап жатқан өнімдерді шетелге сату туралы ойлап па едіңіз. Мәселен, кейбір мемлекеттерде қолөнерге деген сұраныс ерекше.

Мен жасап жатқан өнімдер Германия, Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстан және Қытай секілді елдерге сатылды. Оның өзінде, тікелей сатқан жоқпын. Менен алып, сыйлық ретінде барған бұйымдар.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл