486.2
557.82
6
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жамбыл облысында қарауыл бастығы қызмет барысында қаза тапты
Жаңалықтар

Жамбыл облысында қарауыл бастығы қызмет барысында қаза тапты

16.03.2026
мин
0
83
Сурет: politico.kz

Жамбыл облысында қарауыл бастығы қызмет барысында мерт болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, 15 наурыз күні Жамбыл облысындағы қарауылдың үшінші бекетінде оқыс оқиға орын алған. Ведомстволық күзет қызметінің атқышы қызметтік карабиннен абайсызда оқ шығарып алған.

Атыс салдарынан оқ қарауыл бастығына тиген. Зардап шеккен ер адам дереу медициналық мекемеге жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Хабарламада оқиғаға қатысы бар екі адамның да әскери қызметші емес екені айтылған. Олар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері болған.

Аталған дерекке байланысты Жамбыл облысында әскерилендірілген күзет қызметінің азаматтық қызметкерінің қаза табуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиғаның барлық мән-жайы қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралардың нәтижесінде анықталады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл