| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жамбыл облысында Т. Рысқұлов ауданында кеше қатты жел соғып, салдарынан жергілікті деңгейде төтенше жағдай енгізілді. Меркі ауданында да бірнеше нысан зақымданған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Облыстық әкімдік мәліметіне қарағанда, жел 7 елдімекендегі 29 нысанға зиян келтірген, оның ішінде 10 әлеуметтік нысан бар. 19 елдімекенде электр жарығы өшіп, 7 елдімекенде газ беру уақытша тоқтатылған. Қалпына келтіру жұмыстары 10 арнайы бригадамен жүргізілуде.
Меркі ауданында 5 ауылдық округтегі 27 тұрғын үйге және 5 білім беру нысанына зақым келген. 8 елдімекенде электр жарығы, 3 елдімекенде газ желілері жұмыс істемеді. Тұрғындар зардап шеккен жоқ, қоғамдық тәртіп сақталған. Қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, коммуналдық қызметтер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров аудан әкімдеріне келесі міндеттерді тапсырған: электр мен газды тұрақты қамтамасыз ету, құлаған ағаштар мен бүлінген шатырларды тазалау, балалардың қауіпсіздігін қадағалау және жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау.