| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жамбылдағы әскери бөлімде мерзімді қызметшіге дене жарақаты келуі оқиғасынан кейін кадрлық және тәртіптік шаралар қабылданды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мәліметінше, Жамбылдағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің дене жарақатын алуы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары толық көлемде жүргізілуде.
Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеріс өткізіліп, лауазымды тұлғаларға құқықтық баға берілді. Нәтижесінде төрт адам – әскери бөлім командирі, оның тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, батальон командирі және рота командирі – қызметінен босатылды.
Сонымен қатар, бірқатар офицерлер мен сержанттарға қатаң тәртіптік жаза қолданылып, қызметтік сәйкестік бойынша ескертулер жарияланды. Бұл шаралар әскери бөлімде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.