Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңа картоп неге қымбат - Министрлік түсіндірме берді
Жаңалықтар

Жаңа картоп неге қымбат - Министрлік түсіндірме берді

13.05.2025
1 мин
1
326
Сурет: www.gastronom.ru

Қазақстанда өндірілген жаңа картоптың бағасы неге қымбат болып тұрғанын Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов түсіндірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Үкіметтегі брифингте журналистер жас картоптың бағасы 1 келіге 1300 теңгеге жеткенін атап өтті. Бұл бағаның жоғары болуына себеп ретінде вице-министр оны өсіру технологиясының күрделілігін атады — түйнек арнайы пленка астында өсіріледі. Сонымен қатар жаңа картоп премиум санаттағы тауарға жатады, сондықтан Сауда және интеграция министрлігі оның бағасын реттей алмайды.

— Бізде баға реттелетін әртүрлі санаттағы тауарлар бар. Мысалы, нанның бәрі емес, тек бірінші сортты бидай ұнынан жасалған әлеуметтік маңызы бар нан ғана реттеледі. Өзі бірінші сортты ұн — реттелетін тауар. 2,3% майлылығы бар сүт реттеледі, ал халыққа танымал 3,2% — реттелмейді… Жаңа картоп — премиум тауар санатына жатады, сол себепті баға үстемелері реттелмейді, — деді Сұлтанов.

Бүгінгі таңда ел бойынша 15 мың тонна жаңа картоп, ал әлеуметтік маңызы бар картоп қоры — 2,6 миллион тонна бар. Вице-министрдің айтуынша, күзде картоп бағасы қалыпты болады.

— Күзде баға стандартты болады — бізде әдетте қандай болса, сондай. Өткен маусымда 100 теңге болды, есіңізде болса. Биыл 120–130 теңге. Бұл нарық — құбылмалы. Қазір нақты мынадай баға болады деу дұрыс емес. Баға ең алдымен әлеуметтік әлсіз топтардың сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұған қоса, тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді. Осылайша біз тұрақты бағаны қамтамасыз етеміз, — деді Сұлтанов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ж
Жәнібек 13.05.2025
Қандай 12-130тенге кәзір 300-400тенге болып жатыр ескі картоп қыс бойы баға
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл