| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған онлайн платформа таныстырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы референдум мен Негізгі заңның жаңа жобасына байланысты ақпараттық сайтты іске қосты.
Елімізде алдағы референдум мен Жаңа Конституция жобасына арналған арнайы интернет-ресурс жұмысын бастады. Аталған бастама «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының қолдауымен жүзеге асқан.
referendum2026.kz сайтында ұсынылып отырған Конституция жобасының толық нұсқасы жарияланған. Сонымен қатар, платформада сарапшылардың пікірлері, талдау мақалалары және коалиция қызметіне қатысты жаңартылған ақпараттар берілген.
Жоба авторларының мәліметінше, сайт азаматтарды құжат мазмұнымен кеңінен таныстырып, қоғамдық пікір алмасуға мүмкіндік беруді көздейді.