| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жаңа Конституция жобасында сот жүйесі мен адвокатураның мәртебесі күшейіп, сот төрелігінің конституциялық қағидаттары айқындалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Конституциялық комиссияның соңғы отырысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасындағы сот жүйесі мен адвокатураға қатысты негізгі жаңалықтарды таныстырды.
Жобада сот ісін жүргізу нысандарының саны артты, судьялардың тәуелсіздігі мен кәсіби мәртебесі нығайды. Сонымен қатар, сот жүйесінің кадрлық мәселелері шешіліп, адвокатураның құқықтық мәртебесі алғаш рет Конституция деңгейінде нақты көрсетілді.
- Бұл – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін арттыруға, сондай-ақ қоғамның сот жүйесіне деген сенімін күшейтуге бағытталған маңызды қадам, – деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов.
Жаңа Конституция жобасы құқықтық жүйені жетілдіру мен сот тәуелсіздігін нығайтуға айқын серпін береді деп күтілуде.