| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда жаңа дизайндағы паспорт әзірленіп жатыр. Ішкі істер министрлігі жаңа құжаттың эскизі әлі бекітілмегенін, ал қолданыстағы төлқұжаттарды жаппай ауыстыру жоспарланбағанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда азаматтарға берілетін паспорттың жаңа үлгісін әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, әзірге жаңа төлқұжаттың дизайны бойынша жұмыс аяқталмаған. Сондықтан оның сыртқы келбеті мен қорғаныс элементтері әзірге жарияланбайды.
Министрлік жаңа үлгідегі құжат қолданысқа енгізілген жағдайда да қазіргі паспорттардың күші жойылмайтынын түсіндірді. Азаматтар қолындағы төлқұжатты жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін пайдалана береді. Яғни жаңа құжатқа байланысты жаппай ауыстыру жүргізілмейді.
Сонымен бірге ведомство 2026 жылы паспорт рәсімдеуге белгіленген мемлекеттік баж мөлшерін еске салды. 36 беттік паспортты алу үшін 34 600 теңге төленеді. 48 беттік құжаттың құны – 51 900 теңге. Ал 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік паспортты рәсімдеу үшін мемлекеттік баж 17 300 теңгені құрайды.
Жаңа үлгідегі паспорттың қашан қолданысқа енгізілетіні және оның қандай өзгерістермен шығатыны әзірге нақтыланбаған.