| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Құрылтайының бірінші шақырылым депутаттары алғашқы сессияда ант қабылдап, ресми түрде қызметіне кірісті. Сайлау қорытындысы бойынша бес партия 145 депутаттық мандатты өзара бөліскен, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымының алғашқы сессиясында жаңадан сайланған депутаттардың ант беру рәсімі өтті. Депутаттар ел халқына адал қызмет етуге, мемлекеттің тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға және Конституция мен заңдарды қатаң сақтауға міндеттеме алды.
Ант беру барысында депутаттар өздеріне жүктелген өкілеттікті жауапкершілікпен атқарып, халық мүддесін қорғауға уәде берді.
Еске сала кетейік, 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша бес саяси партия 5 пайыздық шекті еңсерді. Нәтижесінде 145 депутаттық мандат мынадай тәртіппен бөлінді:
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы өз жұмысын бастаған болатын.