| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
2025 жылы Жаңа жылға байланысты Қазақстанда жаппай әлеуметтік төлемдер қарастырылмаған. Дегенмен кейбір өңірлерде белгілі санаттағы азаматтарға біржолғы көмек көрсетіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанның көп өңірінде Жаңа жылға арнайы әлеуметтік төлемдер енгізілмеген. Алайда әлеуметтік қолдау басқа мерекелік және атаулы күндерге орай жүзеге асырылады.
Астана мен Алматыда Жаңа жылға арналған төлемдер жоқ. Мұнда әлеуметтік көмек тек қиын өмірлік жағдайда немесе белгілі мерекелерге — 8 наурыз, 9 мамыр, Мүгедектігі бар адамдар күні және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне беріледі. Алматыда аз қамтылған азаматтарға 20 АЕК көлемінде біржолғы көмек мүмкіндігі қарастырылған.
Шымкент, Ақмола, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында Жаңа жылға төлем жоқ, бірақ Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына қатысушылар мен саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы көмек беріледі.
Ұлытау облысы — Жаңа жылға арнайы төлем енгізген жалғыз өңір. Мұнда 7 жасқа дейінгі және 7–18 жас аралығындағы мүгедектігі бар балаларға 20 мың теңгеден біржолғы көмек автоматты түрде төленеді. Төлем алушылар саны – 1 023 бала.
Қалған облыстарда Жаңа жылға арналған әлеуметтік төлемдер жоқ. Әлеуметтік қолдау тұрақты негізде немесе басқа мерекелік күндерге орай көрсетіледі.