| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин жануарларға зұлымдық көрсеткендерге қатысты жауапкершілікті күшейту ұсынысын жасады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазіргі заңға сәйкес, жануарларға зиян келтіргендер 30 күнге дейін қамауға алынуы мүмкін. Ал жаңа ұсыныс бойынша бұл мерзім алты айға дейін ұзартылмақ.
Жануарларды өлтіргендер үшін жазаны қатаңдату да қарастырылып отыр. Бұрын бұл әрекет үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделсе, енді бес жылға дейін сотталу ықтималдығы бар. Сондай-ақ, айыпталушының мүлкі тәркіленуі де мүмкін.
Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, бұл норма жануарларға қатыгездік көрсететіндерді тиісті жауапкершілікке тартуға бағытталған.