| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Жапония құрамасы әлем чемпионатының Е тобындағы үшінші тур ойынында Испания құрамасын жеңді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Матчтың 11-минутында Альваро Мората Испанияны алға шығарды.
Кездесудің 48-минутында Рицу Доан есепті теңестірді.
Ал 51-минутта Ао Танака есепті 2:1-ге жеткізді. Осылайша, Азиядан келген футболшылардың мерейі үстем болды. Осы нәтиженің арқасында 6 ұпай жинаған Жапония әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.